+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы - Бішкек тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды

2019 жылғы 16 қараша 16:23
Бөлісіңіз:
Алматы - Бішкек тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің соқтығысуынан бір адам мерт болып, 8 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жүргізуші велосипедпен бара жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті Биыл Алматы облысында 600-ден астам мас жүргізушіні анықталған Ақтөбе жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды

Көлік апаты бүгін таңертең Алматы-Бішкек тасжолының 94-шақырымында болған. Аталған факті бойынша соталды тергеу басталды.

«Тойота Естима», «Ниссан максима» және «Хюндай Старекс» көліктері соқтығысқан. Апатқа не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Тергеу ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ал көлік апатынан зардап шеккендер - Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының тұрғындары. Жас ерекшеліктері 21-34 жас аралығында. Олардың барлығы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Ал көлік апатынан мерт болған әйел адамның кім екені әзірге анықталмады.

Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушілерге жолда абай болуды қатаң ескертеді.

«Көлік дөңгелектерін қыстық автошинаға ауыстыру керек. Кей жерде қар жоқ деп тәуекелге бел буып, жолға шығып кетуге болмайды. Ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Сондықтан адам өміріне бейжай қарамауды ескертеміз», деп толықтырды облыстың полицейлері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT