+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Алматы қаласы коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша көш бастап тұр

2021 жылғы 18 қазан 11:22
Бөлісіңіз:
Алматы қаласы коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша көш бастап тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1370 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 225 мың адам Pfizer вакцинасымен қамтылады Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 8 759 935 адам салдырды

«17 қазан күні 1370 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 572, II компонентін 798 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 қазан аралығында қалада 978 172 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 911 923 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 755 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОО-ларында вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT