Алматы қаласына тартылған инвестиция көлемі өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала экономикасына салынған инвестиция көлемі карантинге қарамастан 10 пайызға артқан. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сауда көлемінің қысқаруына қарамастан пандемия кезінде Алматы инвестициялық тартымдылығын жоғалтпаған.

«Жалпы алғанда сауда, қызмет көрсету саласы әлсіресе де өнеркәсіп бойынша қалада тұрақтылық сақталған. 7 айда көрсеткіш 100,9 %-ға жетті. Қалада 420 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Қаланың инвестициялық қарқыны азайды депайту қиын. Себебі 8 айда біз 500 млрд теңге жинап алдық», - деді Е.Оразалин.

Сондай-ақ, ол көрсетілген кезеңде инвестициялар блогы бойынша нақты көлем индексі 110% жеткенін айтты.

«Инвесторлар келіп жатыр. Қаражат салып жатыр. Карантин кезіндегі ауыр экономикалық ахуалдан шығу үшін бұл өте маңызды», - деді Оразалин.


Соңғы жаңалықтар