Алматы қонақ үйіндегі бала өлімі: Күдіктіні қамауға алу мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы InterContinental қонақүйінде қызын өлтірген күдіктіні қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлыбритания азаматын қамауға алу мерзімін тағы бір айға 2020 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартты», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.

Еске салайық, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған еді.

Кейін күдіктінің 41 жастағы Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды



Соңғы жаңалықтар