Алматы - Қорғас тас жолында жылқының кесірінен ер адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат–Алматы-Қорғас тас жолында автокөлік жолға шығып кеткен жылқыны бар жылдамдықпен қағып кетті, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 4-те Алматы-Қорғас жолының 94 шақырымында орын алды. Жолаушылары бар автокөлік батысқа қарай (Батыс Еуропа-Батыс Қытай) бағыт алған. BMW-528 маркасындағы автокөліктің рулінде 22 жастағы жүргізуші болған.

«Қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөліктің жүргізушісі қараңғыда жол бойына шыққан жылқыны байқамаған. Өкінішке орай, автокөлікте болған 1950 жылы туған ер адам Есік қаласының орталық ауруханасында көз жұмды. Жоба бойынша аталмыш учаскеде жарықтандыру мен үй жануарларының жолға шықпауына арналған қоршаулар қарастырылмаған. Екі бағыттағы жол қозғалысын металл қоршаулар бөліп тұрады»,- деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Қазір «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғасының себепшісі болған үй жануарының иесін іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар