+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Алматы көшелерін 2 мыңға жуық әскери қызметші зарарсыздандыруда

2020 жылғы 26 наурыз 14:23
Бөлісіңіз:
Алматы көшелерін 2 мыңға жуық әскери қызметші зарарсыздандыруда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қала көшелері мен ғимараттарын, қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала бойынша зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизонының 2 мыңға жуық әскери қызметшісі жұмылдырылған.

Арнайы бөлімше қызметкерлері Алматыдағы 248 нысан: мектеп, балабақша, балалар алаңы, емханалар, терминалдар аймағын зарарсыздандырды.

Сонымен қатар ҚР Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелері автобус аялдамаларын, тротуарларды, автокөлік тұрақтарын дезинфекциялайтын болады.

Ол үшін жеке құрам қажетті арнайы техникамен, дегазациялық костюмдермен, зарарсыздандыру сұйықтықтарымен қамтылған.

«Біздің басты мақсатымыз – инфекцияның таралуын тоқтату. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағаттай, заттардың үстінде 48 сағат тұрады деген мағлұмат бар, ауа арқылы жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан, көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау – жұмыстың аса маңызды бағыты. Бүгінде жалпы көлемі 1 млн 392 шаршы метр болатын 81 нысан зарарсыздандырылды. Оған 500 адам 24 техника жұмылдырылды», - деді майор Алмас Қасымханов.

Айта кету керек, карантин режимін сақтау аясында 21 блокбекетте 230 әскери қызметші қызмет етіп жатыр.

Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны97-ге жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Аймақ, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT