+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Алматы мектептері жыл соңына дейін бейнекамералармен толық қамтылады

2021 жылғы 27 қаңтар 15:46
Бөлісіңіз:
Алматы мектептері жыл соңына дейін бейнекамералармен толық қамтылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мектептері жыл соңына дейін бейнекамералармен қамтылатын болды. Бұл туралы Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, 2021 жылдың қаңтарынан «Білім беру жүйесін тексеру барысында тексеру парақтары мен қауіп дәрежесін бағалау критерияларын бекіту» туралы заң күшіне енді.

Құжатта білім беру ұйымдарында бейнекамералардың болмауына байланысты жауапкершілік қарастырылған.

«Бейнебақылаудың болмауы өрескел ереже бұзушылыққа жатады. Қазіргі таңда қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, 207 жалпы білім беретін мектеп пен 15 интернатты кешенді бақылау жүйесімен қамту жобасы жүзеге асырылуда. Техникалық міндеттер бойынша жұмыс жасалып, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне талқылауға жіберілді»,- деді ол.

Оның айтуынша, техникалық тапсырыс нәтижесінде Цифрландыру басқармасы жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаражатты есептейді.

«Басқарма берген ақпаратқа сәйкес, Алматыда 11 221 камера мен таса аймақтарға 4990 камера керек екен. Мектептерде қазірдің өзінде 7430 камера бар», - деді ол.

Гүлнар Ермекбава жобаның биыл жүзеге асатынын айтты.

«Биыл бейнекамералар түгел орнатылуы тиіс. Себебі, бірінші кезекте бұл балалардың қауіпсіздігі және мектептердің аттестациясы», - деді басқарма өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT