Алматы мен Екатеринбург арасында әуе рейсі ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 желтоқсанда Ural Airlines әуе компаниясы Екатеринбург пен Алматы арасында жаңа рейсті іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер аптасына екі рет A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

«Екатеринбургтен жұма және жексенбі күндері сағат 22:00-де, Алматыдан - дүйсенбі мен сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 07:15-те ұшатын болады. Ұшу ұзақтығы - 3 сағат», - делінген хабарламада.

Ural Airlines - ірі ресейлік әуекомпаниялардың бірі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ол 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған.

Соңғы жаңалықтар