«Алматы-Нұр-Сұлтан» жолын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов «Алматы-Нұр-Сұлтан» жолын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Нұр-Сұлтан» автомобиль жолына қатысты айтар болсам, бүгінгі күні Қарағандыдан Алматыға дейінгі ұзындығы 879 шақырым болатын учаскеде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолды жаңғыртуға 12 млрд теңге бөлінген«, - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол аталған жолдың кейбір учаскелері неліктен нашар екендігін айтты.

«Алматыдан бері 96 шақырым жолдың жай-күйі нашарлау. Дегенмен, ол жерде жолды күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. Жөндеусіз пайдалану мерзімі аяқталып келе жатыр. Сондықтан орташа жөндеу жасалады», - деді Сайранбек Бармақов.


Соңғы жаңалықтар