+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облыстық білім басқармасы балабақшадағы даулы қойылым жөнінде түсінік берді

2019 жылғы 13 желтоқсан 18:24
Бөлісіңіз:
Алматы облыстық білім басқармасы балабақшадағы даулы қойылым жөнінде түсінік берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданындағы Талдыбұлақ ауылында «Бал бұтақ» жекеменшік балабақшасындағы тәрбиешілердің басы дауға қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысты балабақшада ұйымдастырылған ертеңгіліктің видеосы жарияланды. Онда бір топ бала қолында ойыншық қаруы милиция рөлінде болса, екінші бір топ бала оларға қарсы транспарант ұстап тұрған.

Осы жайтқа байланысты Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов жауап берді.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында бейнеде көрсетілен бағыттағы іс-шаралар қарастырылмаған және де ондай шараларды жүргізуге жол берілмейді. Бұл - жекеменшік балабақшаның өзіндік әуесқойлық қойылымы. Қазіргі таңда балабақша құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық білім бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылды. Сондай-ақ, өз тарапымнан, осындай іс-әрекетке жол берілмеуі керектігі туралы және осындай іс-әрекеттерге жол берген осы адамдарға ең қатаң жазалау шаралары қолданылатын мәлімдеймін», - деп жазды Дәурен Жүнісов Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел осы жайтқа байланысты Талғар аудандық білім бөлімінің басшылығына да шара қолданылатынын ҚазАқпарат тілшісіне жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT