+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматы облысы: Еңбек ауылында балалар мектептің дәлізінде оқып жатыр

2019 жылғы 8 қараша 14:21
Бөлісіңіз:
Алматы облысы: Еңбек ауылында балалар мектептің дәлізінде оқып жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының оқушылары дәлізде білім алып жүр. Бұл туралы Дінмұхаммед Каликулов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда қазақ тілін оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды Жамбылда 1000-ға жуық оқушы қатысқан облыстық слет өтті Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Ол өзінің жазбасында Іле ауданындағы Еңбек ауылының балалары білім алатын мекемеде асхана, спорт және акт залдарының жоқ екенін атап өткен.

«Балаларға кабинет жетіспегендіктен олар дәлізде оқиды. Бұл мектепте акт, спорт залдары, асхана жоқ. Бар болғаны төрт бөлме ғана бар. Жоғары сыныптың оқушылары көрші ауылға барып білім алады. Ал мына жерде кішкентай балалар оқиды. Олардың жалпы саны 72. Жиырма жылдан бері осындай жағдай. Ал жаңа мектепке жер бөлінген. Қашан салынатыны белгісіз»,-деп жазған автор.

Ал Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі осы аталған проблемаға былай деп жауап берген.

«Кеше бірқатар БАҚ-да Іле ауданы, Еңбек ауылына қарасты мектеп мәселесі қозғалды. Бұл мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан, яғни бастапқыда мектеп болмаған. Осы секілді, облыста 147 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімдігі тарапынан бейімделген ғимараттардағы мектептердің проблемасын шешу үшін 73 мектеп салуға 2019-2023 жылдар аралығында 5 жылдық қадамдық жоспар жасалды. Жоспарға сәйкес, 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен 2 мектептің құрылысы басталды: Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық, Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 120 орындық. Одан басқа 12 мектептің жоба-сметалық құжаттары дайындалуда»,- д елінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл жұмыс Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тікелей қадағалауында екендігі айтылған.

«Нақты сюжетте көрсетілген мектепке келсек, мәселенің түйінін тарату күн жақын. Қазір 400 орындық мектептің жобасы дайындалуда, сонымен бірге жер телімі де анықталған»,- деп атап өткен баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT