Алматы облысы тұрғындарының 42%-ы вакциналанған

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 513 109 адам алған. Бұл осы аймақтағы халықтың 42%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің болжамынша, қыркүйек айының соңына дейін жетісулықтардың 60%-ы екпе алады.

Вакцинация – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы. Алматы облысында 22 шілдедегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлауда, облыс «қызыл» аймақта тұр.

«2020 жылдың наурыз айынан бері өңірде 29 872 коронавирустың расталған жағдайы тіркелген. Олардың 19 167-сі – симптоммен. Соңғы аптада Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарында өсім қарқыны байқалуда. Соңғы тәулікте 178 КВИ жағдайы тіркелген. «дельта» штаммы екі адамнан анықталды», - деп атап өтті Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.


Соңғы жаңалықтар