Алматы облысында 100-ге жуық әскери блокпостағы қызметі үшін марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер әскери қызметкерлерге блокпостағы қызметі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты блокпосты күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу мақсатында кезекшілікке тартылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасы тұрақты пунктеріне оралды. Осыған орай Қарасай аудандық полиция басқармасының басшылығы мен қызметкерлері Алматы маңындағы блокпоста қызмет көрсеткен Қарулы Күштердің жеке құрамына ризашылығын білдірді.

«Әскери қызметшілер міндетін орындау кезінде ерен еңбек атқарды. Төтенше жағдай режимі ел аумағында енгізілген сәттен бастап ірі мегаполис - Алматы қаласымен жанасатын бекеттерге 87-ден астам әскери гарнизон қызметкері тартылды. Бүгінде 100-ге жуық әскери қызметші өңір басшылығы мен Алматы облысы полиция департаментінің атынан марапатталды. Қарулы Күштердің жеке құрамына шын жүректен алғыс айта отырып, мемлекет қауіпсіздігін, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету және сақтау ісінде табыс тілейміз», - деп атап өтті Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Ал полиция және медицина қызметкерлері Алматы маңындағы посттағы қызметін әрмен қарай жалғастырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар