Алматы облысында 15 жастағы қыз көлік ұрлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қыз танысының көлігін ұрлап кеткен. «Lexus RX-300» автокөлігін полицейлер қала сыртынан тауып алып, иесіне қайтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қалалық полиция басқармасына 6 қазан күні көлік ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Жәбірленуші темір тұлпарының қала моншаларының бірінің ауласынан қолды болғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары көшелердегі бейнекамералар арқылы автокөліктің жүрген бағытын анықтап, қаланың шыға берісінде тосқауыл қойған.

«Көлік «Талдықорған-Үштөбе» бағытында табылды. Жасөспірім құрбысымен көлікті тастап, такси ұстап қайтпақ болған», - делінген таратылған ақпаратта.

15 жастағы қыз көлік иесінің танысы болып шықты. Сондай-ақ ол Үштөбе қаласындағы колледж студенті екені анықталды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылып, аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар