Алматы облысында 2800 оқушы екі апталық карантинге көшірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу жылын басталғаннан бері 244 сынып 2 апталық карантинге жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникаиялар қызметінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осындай дерек келтірді.

«Әзірге карантинге ешбір мектепті жапқан жоқпыз. Қазір ауру жұқтырған балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, сыныптарды 2 апталық карантиндік оқыту режиміне көшіріп жатырмыз. Бүгінде 244 сынып 2 апталық карантинге жіберілді. Бұл – 2 800 бала. Жалпы статистиканы айтсақ, бізде 22 400 сынып бар. Бүгінде соның ішінде 244 сынып жабылды. Бүкіл сыныптардың 1 пайызы ғана деген сөз. Жалпы облыс бойынша 442 мың оқушы бар. Сонда сыныптардың бір пайызы ғана карантинде», - деді әкімнің орынбасары.

Сонай-ақ, ол балабақшада жүріп ауру жұқтырғандар да бар екенін айтты.

«1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиеленушілері арасында вирус жұқтырудың 18 жағдайы, оқушылар арасында 209 жағдай тіркелді. Қалалар мен аудандардың бас санитар дәрігерлері індеттің таралуын болдырмау үшін сыныптарды карантинге жіберу туралы 176 қаулы шығарды. Педагогтер арасында ауру жұқтырудың 47 жағдайы тіркелді», - деді облыс әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар