Алматы облысында 3 студентті тонаған қарақшылар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат –Қаскелең қаласында колледж студенттерін тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 22-00 шамасында Қарасай ауданының Полиция басқармасына жергілікті колледждерде оқитын үш студенттің ата-анасы хабарласып, білім ордасының аумағында белгісіз екі адам 3 студентке күш қолданып, қымбат телефондарын алып кеткенін жеткізген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Олар 17 және 19 жастағы Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Сыртқы бейнебақылау камераларына түскен күдіктілерді зардап шегушілер де жазбай таныды. Олар жасаған қылмыстарын мойындады және сол уақыт аралығында телефондарды Алматы қаласындағы базарлардың бірінде сатып жібергені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың бұдан өзге қылмыстарға қатысы бары тексерілуде»,- деп атап өтті Қарасай ауданы полициясы бастығының орынбасары Абай Тынышбаев.


Соңғы жаңалықтар