+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды

2021 жылғы 20 қыркүйек 14:29
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 675 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды ШҚО оқушылары жылыжайда банан мен мандарин өсіруде Коронавирус: Семейде оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу тоқтатылды

«2021 жылдың 1-20 қыркүйек аралығында Алматы облысы бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 675 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 215 жағдай жазғы демалыс кезінде, 444 жағдай офлайн оқыту кезінде және 16 жағдай онлайн оқытуда анықталған. Облыстың 190 мектебінің 422-сыныптарына карантин енгізу туралы 366 қаулы шығарылды және 6281 оқушы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұғалімдер арасында 103 мұғалім індетті жұқтырған.

«2021 жылдың 1-20 қыркүйек аралығында облыс бойынша КВИ-мен ауырған мұғалімдердің 103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырып қалған.

Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары педагогтар, оқушылар, студенттер және техникалық персонал арасында сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жүргізеді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT