Алматы облысында 52 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында баспана кезегінде 51 800 адам тұр. Ал жер алуға 154 200 адам өтініш берген. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қоғамдық кеңес өкілдері алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы 2395 отбасы баспанамен қамтылды. Оның 1258-і көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен жанұя. Олардың ішінде 180 отбасы меценаттардың қолдауымен үйлі болды. Биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 191 мың шаршы метр баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолға алынады. Сондай-ақ, 1390 пәтерлік 37 коммерциялық үй салынады. 3731 отбасы баспаналы болады», - деді Амандық Баталов.

Биыл 3731 отбасы баспаналы болатынын мәлім еткен өңір басшысы, оның ішінде 1906 адам «Бақытты отбасы», «7-20-25», «Шаңырак» бағдарламалары арқылы жаңа үй алатынын атап өтті.

«Баспана кезегінде тұрған халықтың саны көп болғандықтан құрылыс қарқынын үдету керек», - деді Алматы облысының әкімі.


Соңғы жаңалықтар