Алматы облысында 60 полиция қызметкері баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында 60полиция қызметкері баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қоныстанушыларға кілттер Қазақстан полициясы күнінде салтанатты түрде табыс етілді. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ляззат Тұрлашев, Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал -майоры Серік Кудебаев , «Отбасы Банк» АҚ облыстық филиалының басшысы Ғалымжан Шалғымбаев қатысты.

«Бүгін біз Департамент үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. 60 қызметкерлеріміз өз баспаналарына ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, сондай-ақ «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» іске асыру шеңберінде ҚР Ішкі істер министрі әскери қызметшілерге ұқсас тұрғын үйді сатып алуда оны жалға алғаны үшін өтемақы төлеуді полиция қызметкерлеріне пайдалану мүмкіндігі туралы мәселеге бастамашылық етіп, оны үкімет қолдаған. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа, оның орынбасарларына, сондай-ақ Талдықорған қаласының әкіміне алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында біздің қызметкерлер жаңа үйден пәтер кілттерін алды«,- деп атап өтті өз сөзінде Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Сонымен қатар, С.Күдебаев полиция қызметкерлері үшін тұрғын үйді сатып алуда «Отбасы Банк« маңызды рөл атқарғанын айтты.

»Бұл банк тез арада жауап қайтарып, полиция қызметкерлеріне қарыз беруді шешті. Банкке төрт жүзге жуық қызметкердің тұрғын үй сатып алуға құжаттары жолданды. Бірінші кезеңде тексеріп, зерделегеннен кейін олардың 60-ы мақұлданған.

Қазіргі кезеңде полицияның негізгі міндеттерінің бірі «қадамдық қолжетімділік» болып табылады. Көріп отырғанымыздай, мемлекет оны тиімді шешу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Біз отандастарымыздың қауіпсіздігіне деген сенімділікті, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ оған мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз.

Бүгінгі іс – шара-бұл алғашқы тәжірибе. Бұдан әрі, қолда бар тәжірибені ескере отырып, «оңтүстік өңірдің» аудандық бөлімшелері - Қарасай, Талғар, Іле аудандарының қызметкерлері үшін үйлер салуды жоспарлап отырмыз», - деп түйіндеді Серік Кудебаев.


Соңғы жаңалықтар