Алматы облысында Абай атында 227 көше бар

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 227 Абай Құнанбайұлы көшесі бар. Сондай-ақ өңірде ұлы ақын есімімен 13 мектеп пен 3 ауыл аталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісулықтар да Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына дайындықты бастап кетті. Алматы облысында айтулы датаға орай жұмыс жоспары бекітілген. Биыл облыс орталығы Талдықорғанда қаламгерге ескерткіш орнатылады. Арнайы комиссия мүсінші Мирлан Әзмағамбетовтың нобайын таңдады. Жалпы ескерткіш байқауына 10-нан астам ұсыныс түскін. Сондай-ақ Алматы облысында ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында мүшайралар өтеді.

«Мәселен облыстық тілдерді дамыту басқармасы эссе мен зерттеу мақалалаларына байқау ұйымдастырса, мәдениет басқармасы «Абайға арнау» атты мүшайра жариялады. Жеңімпаздар наурыз айында анықталмақ. Бұл байқаудың басты ерекшелігі барлық қатысушылардың өлеңдері «Абайға арнау» кітабына жинақталмақ», дейді Алматы облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова.

Мұнан бөлек Бикен Римова атындағы драма театрдың ұжымы режиссер Қуандық Рахымовпен «Абай» спектакілінің репетициясына білек сыбана кірісті.

Сонымен қатар ұлы ақын туып өскен Жидебайдағы мемориалдық кешенге тарихи-танымдық экспидициялар мен ақпараттық сапарлар жоспарлануда. Ал ақын туған күні қарсаңында Талдықорғанда халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтетін болады.



Соңғы жаңалықтар