+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Алматы облысында ақша бопсалаушы қылмыстық топ ұсталды

2020 жылғы 13 қазан 14:00
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ақша бопсалаушы қылмыстық топ ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ақша бопсалаушы қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айының соңында департаментке Қапшағай қаласының 35 жастағы екі тұрғыны олардан ірі көлемде ақша бопсалағаны туралы арызданған. Күдіктілер біреуінен 400 000 теңге, екіншісінен 240 000 теңге алып, тағы 600 АҚШ долларын беру керектігін айтып, қорқытқан. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қапшағай қаласының 35,34, 32 және 31 жастағы төрт тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті де қамауға алынды. Топтың ұйымдастырушысы бұрын да осы әрекеті үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған және 2003 жылы 3 жылға, ал 2008 жылы 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл қылмыстардың алдын-ала дайындалғандығы және кейінгі материалдық шағымдарды ұсыну үшін себептердің мақсатты түрде құрастырылғаны анықталды. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін айыпталушылар өздерінің қылмыстық әрекеттерін қарызды қайтару туралы әдеттегі талап деп түсіндірген», - деді Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT