Алматы облысында Ақсу ауданының полиция басшысы даулы видеодан соң жұмыстан кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Ақсу ауданының полиция басшысы даулы видеодан соң жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев түсініктеме берді.

«4 мамырда әлеуметтік желіде сол кезде Ақсу ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарған ішкі істер органдары қызметкерінің әдепсіз мінез-құлқының видеосы жарияланды. Аталған қызметкер жеке құраммен жұмыс жасауда өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, оны қызметінен босату туралы баянат жазды.

Дегенмен, осы дерек негізінде менің тапсырмам бойынша, Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижесі бойынша болған оқиғаға объективті баға беріледі», - деді С.Күдебаев.


Соңғы жаңалықтар