+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Алматы облысында АН-2 ұшағы неліктен қонуға мәжбүр болды - ресми мәлімет

2021 жылғы 26 ақпан 15:32
Бөлісіңіз:
Алматы облысында АН-2 ұшағы неліктен қонуға мәжбүр болды - ресми мәлімет

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында АН-2 ұшанының неліктен жерге қонуға мәжбүр болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бизнесті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы басталды «Южный» саябағындағы жер учаскесі Алматы меншігіне қайтарылады Алматылықтардың көлік салығы бойынша берешегі 7,6 млрд теңгеге жеткен

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, ұшақ қозғалтқышының жұмыс істемей қалуы себепті шұғыл түрде жерге қонуға мәжбүр болған. Ұшақта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (медиктер) болған.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды.

Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), «Боралдай» аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15​ қызметкер мен 5 бірлік техника) барды.​

Айта кетейік, осыған дейін, Боралдай - Кеген бағытындағы санитарлық рейстің мәжбүрлі түрде жерге қонғандығын хабарлағанбыз.

​​«Оқиға 2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12.26-да​ болған. Іле ауданының Боралдай кентінде «Боралдай-Кеген» бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалуына байланысты шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды»,-деп мәлімдеді ресми өкіл.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT