Алматы облысында «Ashyq» жобасымен 9399 нысан жұмыс істеуде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Ashyq» жобасымен 9399 нысан жұмыс істеуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында 9399 нысан «Ashyq» пилоттық жобасымен жұмыс істейді. Мониторинг тобы шағын және орта бизнестің 5478 субъектісін қамтып, қосымшаны дұрыс пайдаланбаған фактілерді анықтады. Тиісінше жобаның 997 қатысушысы «Ashyq» платформасынан шығарылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы 10 маусым мен 21 қыркүйек аралығында Алматы облысының азаматтарынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3398 адам анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 2534 адам және «сары» мәртебесі бар 864 адам тіркелді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 4 200 480 теңге сомасына 96 айыппұл салынған. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантиніндегі шарттарды сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 315 қаулы берілді.


Соңғы жаңалықтар