Алматы облысында Астана күніне орай жедел жәрдем көліктерінің кілті табысталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр-Отан» Алматы облыстық партия филиалында Астана күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов және облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев құттықтау сөздерін сөйлеп, партия қатарына өткен бір топ жас маманға партия билетін, Алакөл ауданына 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстап, ерікті М.Кенешовті «Халық алғысы» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық «Нұр-Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалпы Алматы облысында нұротандықтардың ауруханаларға көрсетіп жатқан көмегі аз емес. Осы уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының мүшесі-кәсіпкер В.Сычев Талдықорған қаласындағы облыстық жедел жәрдем станциясына реанимобиль, Қапшағай қаласында «Nur Otan» партиясының мүшесі-кәсіпкер М.Сергебаев қалалық ауруханаға ретро автокөлік мұражайынан «Волга» автокөлігін сыйға тартты. Сонымен қатар, 8 млн теңгеге Covid-19 коронавирус індетін анықтауға арналған 1900 экспресс тест және Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына 53,2 млн теңге көлеміндегі қаржыға жұқпалы ауруларды анықтауға қажеттіліктермен жабдықталған жылжымалы зертханасын сатып алып берді«,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар