Алматы облысында азаматтарды санкцияланбаған митингке қатысуға шақырған екі адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында азаматтарды санкцияланбаған митингке қатысуға шақырған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 21 ақпанында 1988 жылы туған Мамай Жанболат Мамайұлы мен 1991 жылы туған Рахматулла Жанбол Шекербекұлын Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының өкілдері ҚР ҚК 488 бабы 3 бөлігінде қаралған әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергені үшін уақытша қамауға алды. Қамауға алуға негіз болған мәселелер Ж. Мамай мен Ж.Рахметолла әлеуметтік желі арқылы республика азаматтарын санкцияланбаған митингке қатысуға шақырды»,-делінген хабарламада.

Онда Қарасай аудандық сотының шешімімен Ж.Мамай 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны, ал Ж.Рахметолланың 15 тәулікке қамалғаны айтылады.

Айта кетейік, осыған дейін Бас прокуратура еліміздің азаматтарын заңсыз митингіге шыққан адамдарға қатысты жауапкершілік қаратырылғандынып айтып, Үндеу жариялаған болатын.



Соңғы жаңалықтар