+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп елді алдаған 24 жастағы күдікті ұсталды

2021 жылғы 4 мамыр 22:45
Бөлісіңіз:
Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп елді алдаған 24 жастағы күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында «азаматтық жасатып беремін» деп елді алдаған 24 жастағы күдікті ұсталды, деді хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұқият болыңыз: Алматы полицейлері тұрғындарға үндеу жасады Елордада алаяқ ер адам 8 әйелді алдап соқты Алматыда біреудің атынан онлайн несие алатын алаяқтардың қатары көбейді

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған.

Ол шағымында 2020 жылдың маусым айы мен тамыз айының аралығында өзінің танысына алданғанын жеткізген.

«Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кірген азамат оның 200 000 теңгесін қалтаға басқан. Арызданушы алаяқтық жолмен ақшаны алған азаматқа қатысты шара қолдануды сұраған» делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазір аталған дерек негізінде ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT