Алматы облысында бір ай бұрын жоғалған жасөспірім табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған жасөспірімді тапты. Ол жеке пәтерде тұрып, көлік жуу орындарының бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

10 қыркүйек күні Сарқан АПБ кезекші бөліміне 15 жастағы жасөспірімнің 49 жастағы заңды өкілі оның жоғалғаны туралы арызданған. Оның айтуынша, жас жігіт 9 қыркүйекте үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмаған. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі дерегі бойынша полицейлер бірден оны іздеуге кірісті.

Іс-шара барысында полицейлер іздестіріліп жатқан адамның Ақтұма ауылына жаяу жеткенін, содан кейін таксимен аудан орталығына барғанын, сол жерден Алматы қаласындағы «Первомайкаға» жеткенін анықтады. Әрі қарай оның бағыты жоғалды. Бір айдан астам уақыт бойы тәртіп сақшылары Алматы қаласының Жетісу ауданынан баланы тапқанша іздеу шараларын жүргізді. Ол онда жеке пәтерде тұрып, көлік жуу орындарының бірінде жұмыс істеген.

Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Заңды өкіл ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы « Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы» бойынша жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар