+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында бірнеше ауылда үй тонаған күдікті ұсталды

2020 жылғы 16 қыркүйек 13:13
Бөлісіңіз:
Алматы облысында бірнеше ауылда үй тонаған күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында полицейлер бірнеше ауылда үй тонаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жүргізуші куәлігін 80-120 мың теңге аралығында сатқандар ұсталды Коллекторлық агенттіктердің борышты заңсыз қайтару схемасы әшкереленді - прокуратура Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кеткен

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар ауданы Кеңдала, Ақтас, Бесағаш және Ават ауылдарының аумағында осы жылдың тамыз – қыркүйек айларында жеке меншік үйлерде 9 ұрлық дерегі тіркелген. Тағы екеуі ақпан және маусым айларында жасалған. Қылмыс жасау тәсілі мен ұрланған құндылықтарға сәйкес, тәртіп сақшылары оларды бір адам жасаған деген қорытындыға келді.

«Негізінен, жеңіл ақшаны жақсы көретін азаматтың үйге енудегі әдісі- терезе арқылы болған. Алайда кей жағдайларда ол ашық есіктер арқылы да үйлерге кірген. Ол барлық құнды заттарды, ақша, алтын бұйымдар, теледидарлар, спирттік өнімдер, тамақ өнімдерін және телефондарды қолды қылған.Ұрланған бұйымдардың қатарында дәнекерлеу аппараты да бар»,-дейді Талғар АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Андрей Бурьянский.

Тәртіп сақшылары Еңбекшіқазақ ауданының 41 жастағы, бұрын бірнеше рет сотталған, еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынының ізіне түсті. Нәтижесінде күдікті ұсталып, ол өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Кейбір құнды бұйымдар табылмады. Бірақ оларды сатып алған куәгерлердің айғақтары бар. Айналасындағы ауылдардың тұрғындарына тыныштық бермеген ұрыны құрықтаған үшін жәбірленушілер полицейлерге шын жүректен алғыстарын білдірді. Күдікті ұсталғаннан кейін ұрлық саны күрт азайған.

«Жеке басын, соттылығының болуын, жасалған қылмыстардың санын, келтірілген залалдың өтелмеуін ескере отырып, күдіктіге сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның басқа да осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша жұмыстар жалғасуда», - деп толықтырды полиция полковнигі Андрей Бурьянский.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT