Алматы облысында биыл 1 млн тоннадан астам дәнді дақыл жинау жоспарланып отыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында биыл 1 млн. тоннадан астам дәнді дақыл жинау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде стратегиялық маңызы бар қант қызылшасын, жүгері және күріш дақылдардын жинау, ору жұмыстары басталды. Биыл жетісулық шаруалар ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 3,7 мың гектарға ұлғайып, 972,2 мың гектарға жеткізген.

Оның ішінде дәнді дақылдарды жиналатын алқап – 485,4 мың га болса, ондағы дәндік жүгері – 95,8 мың га , күріш - 8,2 мың га, қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген.

Бүгінде облыстың біраз өңірінде егін жинау қарқынды жүріп жатыр. Қапшағай қаласының «Етекбаев» қожалығының шаруалары биыл 140 гектар жердің 70 га-на дәнді жүгері, 27 га-на қант қызылшасын, 15 га-ға пияз еккен. Тамшылатып суғару жүйесімен өнім алып жүрген қожалық мемлекеттің де жақсы қолдап отырғанын жасырмады.

«Осы жылы пияз және жүгері егістігінен 40 тонна өнім алуды жоспарлап отырымыз. Мемлекет қолдауының арқасында жылдан жылға егістік жерді кеңейтіп, дәнді-дақылдар түрін молайтып жатырмыз. Біздің өнім бүгінде ТМД және Еуропа елдеріне де экспортқа шығуда»,- дейді шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Етекбаев.

Сондай-ақ, Биыл облыс бойынша тәтті түбірден 500 мың тонна өнім алып, 50 мың тоннадан астам қант шығару жоспарланған. Ол үшін, барлық техника жөнделіп, астық жинауға 1468 комбайн, 180 механикалық қырман, 263 астық тиегіш, 203 дән атқыш, 164 астық тазалау машиналары және 256 автотаразы тартылды.


Соңғы жаңалықтар