USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысында браконьерлер мемлекетке 9 млн теңгеден аса залал келтірген

2021 жылғы 25 қараша 17:41
Бөлісіңіз:
Алматы облысында браконьерлер мемлекетке 9 млн теңгеден аса залал келтірген

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы кезінде құқық бұзушылықтың 348 дерегін анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде орман қоры мен ағаш отырғызуды қадағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді Биыл елімізде 12 млрд теңгеге 130 млн ағаш отырғызылды – министрлік Қазақстан Париждегі ядролық «бестік» бойынша коммюнике қатысты мәлімдеме жасады

Облыс аумағында браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтті.

«Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу қорытындысы бойынша: 4 км. 700 метр қытай балық аулау желісі, 4 қайық (2 Резеңке, 2 алюминий), 4172 кг балық, 53 текше метр заңсыз дайындалған ағаш, 4 дана бензопила, 10 дана атыс қаруы (оның ішінде 8 тегіс ұңғылы, 2 ойық ұңғылы), 1 жойылып кету қаупі бар «Сұңқар-Балабан« құсы, 1 «P. I. T.« маркалы бензин электр генераторы тәркіленді және 348 экологиялық сипаттаға құқық бұзушылық анықталып, ол бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды»,-деді Алматы облысы ПД ТҚП тобының аға инспекторы, полиция майоры Серік Байғазинов.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 332 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 1 млн. 801 мың 248 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

«Мемлекетке келтірілген залал 9 млн.397 мың 630 теңгені құрады»,- делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT