Алматы облысында даулы видеодан соң прокурор жұмысынан босатылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, ақпаратты растаймыз. Ол кісі жұмысынан босатылды», - деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура 16 күн бұрын прокурор мен сот төрағасының кәсіпкермен бірігіп саунада демалып жүрген видеосы әлеуметтік желіге тараған болатын. Бейнежазбада видеоны түсіріп тұрған автор өзінің сот төрағасымен саунада демалып жатқанын баяндайды. Және ол белгісіз «ОПГ»-ң өкілдеріне ішіп-жеп, демалып жатырмыз деп саунаның ішінде видео түсіреді. Артынша кәсіпкер «ОПГ» деген сөзіне түсініктеме берді. Оның «ОПГ» деген сөзі ел ойлағандай «ұйымдасқан қылмыстық топ емес», «оперативная пивная группа, яғни жедел сыра тобы» деген мағына береді екен.

Бұл бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Артынша Бас прокуратура да, Жоғарғы сот та қызметтік тексеріс басталғанын жариялады. Артынша Жоғарғы сот бейнежазбадағы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейтовтың қызметтік тексеріске байланысты өкілеттілігі тоқтағанын хабарлады.





Соңғы жаңалықтар