USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматы облысында деструктивті діни бағытты ұстануы мүмкін деген күдіктілер ұсталды

2022 жылғы 14 қаңтар 23:09
Бөлісіңіз:
Алматы облысында деструктивті діни бағытты ұстануы мүмкін деген күдіктілер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Деструктивті діни бағытты ұстануы мүмкін ҚР екі азамат ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды Краншының өлімі: Алматыда барлық құрылыс алаңындағы крандар тексеріледі СҚО-да мектеп автобустарының техникалық жағдайы тексеріліп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚ Алматы облысы бойынша департаменті 5 -6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан заңсыз акцияларға қатысы бар деген күдікпен деструктивті діни бағытты ұстануы мүмкін ҚР екі азаматын қолға түсірді. Олардан діни әдебиеттер табылып, қазіргі уақытта ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатыстылығы тексерілуде.

Үлкен Алматы көлінің маңында жеке бастарын куәландыратын құжаттары жоқ «Тойота» маркалы автокөлігін мінген 5 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында: 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 000 теңге ақшалай қаражат табылды. Олардың Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатыстары барлығы анықталды.

Сондай-ақ Кіші Дехан елді мекенінде Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 19 адам анықталды. Жедел топ ұсталғандармен сұрау жұмыстарын жүргізуде.

7 қаңтарда ҚР ҚК бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушы 41 адам ұсталды. 13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша қаражаты және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды.


13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ҚР 26 азаматы, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтағаны үшін ҚР 5 азаматы анықталып, ұсталды. 6 бірлік атыс қаруы тәркіленді.

Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте және шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT