Алматы облысында газ құю цистернасы жарылып, бір адам ауыр жарақат алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жанармай стансасы аумағанда джип газ құйылған цистернаға соғылды. Цистерна жарылысып, көліктің жүргізушісінің денесін 90 пайыз күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 тамыз күні сағат 10:15-те Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында «Әлем Ойл« газ құятын автостанса аумағында « Toyota Land Cruiser Prado « маркалы машина газ құйылған цистернаға (4 текше метр) соғылған. Цистерна жарылып, сол жердегі 2 автомашина - «Хундай Туксон« және «Лэнд Крузер Прадо« өртенді. Сондай-ақ 700 шаршы метр аумақтағы қураған шөп жанып кетті. Алматы облысының ТЖД күштері өрттті сағат 10.52-де сөндірді», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ведомствоның мәліметінше, « Toyota Land Cruiser Prado-ның» 72 жастағы жүргізушісі 1 дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр.

«Тағы бір зардап шегуші 30 жаста. Ол май құю стансасының операторы. Оның кеудесіне зақым келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші үйіне жіберілді. Жақын маңдағы орналасқан көп қабатты және жеке үйлер зардап шеккен жоқ», - деп толықтырды ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар