+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Алматы облысында ішімдік шығаратын зауыттан сертификатталмаған өнім табылды

2021 жылғы 26 ақпан 10:02
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ішімдік шығаратын  зауыттан сертификатталмаған өнім табылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында алкогольді өнім дайындайтын зауыттың көлеңкелі қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Бір аптада елімізде 3,2 мың қылмыс жасалды Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі Заңсыз аң аулаған жамбылдық 1,6 жылға сотталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, Алматы облысының аумағында өнеркәсіптік ауқымда алкогольді өнімдер шығаратын зауыт қызметінің жолын кесті.

Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 20 атаулы 170 мыңнан астам бөтелке ішімдік анықталды.

Сонымен қатар, көрсетілген өнімдер сертификатталмаған және адам денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін еді.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етуге жатпайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде суррогат өнімдерінің кесірінен жыл сайын 3 миллионнан астам адам қаза болады. Алкоголь зауытының заңсыз қызметінің жолын кесудің арқасында мыңдаған қазақстандықтардың өмірін сақтау мүмкін болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT