+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

2020 жылғы 14 қаңтар 17:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен Елизавета мен Виталия Луниндер табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, 12 қаңтардан бастап полиция, еріктілер, мектеп мұғалімдері және ауыл тұрғындары іздеген інісі мен әпкесі туған ауылы Ортатөбеден табылды.

«Тұрғындар сол ауылдағы Ш.Уәлиханов көшесінде екі жасөспірімді көргендерін хабарлады. Ювеналды полиция инспекторлары, еріктілер мен мұғалімдер тобы қоңырау түскен жерге тез арада жетіп, балаларды үйге алып келді. Екеуі де аман» - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, балаларды іздеу жұмыстары екі тәуліктен бері жүргізіліп келді. Жасөспірімдердің екеуі, әпкесі мен інісі, аналарына хат жазып, үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT