Алматы облысында қай мекемелерде жемқорлық жиі кездеседі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы жемқорлық жайлаған салалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зерттеу нәтижесіне сенсек, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасында жоғары жемқорлық тәуекелі байқалады. Оның себебі – жер телімін алу немесе рәсімдеу оқиғалары. Мұнда берілетін параның орташа сомасы – 67 мың теңге», - деді жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев.

Сонымен бірге, облыстағы мемлекеттік балабақшаларда, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалайтын полиция органдарында, жоғары және арнайы орта білім беретін мекемелерде және басқа да маңызды салаларда жемқорлық тәуекелі өте жоғары.

Соңғы жаңалықтар