Алматы облысында көлік қағып көз жұмған жаяу жүргіншінің аты-жөні анықталмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік қағып, мерт болған жаяу жүргіншінің кім екені белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 қыркүйекте түнгі сағат 22:20 шамасында болған.

«Алматы-Өскемен» тас жолының 36 шақырымында отыз жастағы Opel Calibra көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленушінің кім екені белгісіз. Ол ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды. Қайтыс болған адам жаяу жүргіншіге арналмаған жерден өткен«, - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар