Алматы облысында көліктің үстінен жүгіріп өткен пранкер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қапшағай қаласында жаяу жүргіншілер жолында көліктің үстінен жүгіріп өткен пранкер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, Қапшағай қаласы Полиция бөлімшесінің қызметкерлері Instagram желісіндегі парақшасы үшін ролик түсірген пранкерді ұстады.

«Тәртіп сақшылары әзіл ретінде көліктің үстінен жүгіріп өткен 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол қоғамдық тәртіпті бұзды», - дейді Қапшағай Полиция бөлімшесінің басшысы Манат Айтмұханбетов.

Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік материал процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жіберілді.


Соңғы жаңалықтар