Алматы облысында коммуналдық өтемақы алуға 700 адам өтініш берген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 700 адам Zhetysu.komek109.kz сайты арқылы коммуналдық өтемақы алуға өтінім берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты белгілі санаттар бойынша тұрғындарға коммуналдық қызмет шығындары өтелуде.

Осыған орай, өтініш қабылдау үшін арнайы Zhetysu.komek109.kz сайты жұмысын бастады. Бүгінгі күні облыс бойынша 700 адам өтінім беріп үлгерген.

Аталған сайттың операторы түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істеп, келіп түскен өтінімдерді тіркеу үшін аудандарға жіберуде.

Сондай-ақ, коммуналдық мекеме тұтынушылары ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жергілікті атқарушы органға жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және облыстың әрбір өңірінің жеке дербес шотын ұсына отырып, өтініш бере алады.


Соңғы жаңалықтар