Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатыр. Соңғы 2 апталық салыстыру кезінде 1,0%-дан 0,8% дейін азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 апталық салыстыру кезінде 1,0%-дан (26.04-02.05) 0,8% (03.05-09.05) дейін төмендеген.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 125 жағдайы тіркелді.

Өсу қарқыны – 0,5%. Оның ішінде 102 сырқатта симптомдар бар (81,6%) және 23 науқаста (18,4%) ауру симптомдары жоқ.

«11 мамырдағы жағдай бойынша 18 859 адам індеттен жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 28 пациент, 46 адам үйден оқшаулаудан шығарылды» делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы бүгінге дейін облыста коронавирустың зертханалық расталған 23 290 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 14 218 науқаста симптом бар.


Соңғы жаңалықтар