USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге азайды

2021 жылғы 22 қазан 11:19
Бөлісіңіз:
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге азайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 89 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тағы 14 науқас коронавирус пен пневмониядан көз жұмды Коронавирус пневмониясынан 160 адам емделіп шықты COVID-19: Елімізде коронавируспен жұқтырған 353 адамның жағдайы ауыр

22 қазандағы жағдай бойынша облыста КВИ 54 386 зертханалық расталған жағдай тіркелген, оның ішінде 40 281 симптомдарымен. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2 544,5 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3% - дан 0,2% - ға дейін төмендеді.

«Соңғы тәулікте КВИ 89 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 79 симптомдық және 10 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 89 жағдайдың 22-сі 14 жасқа дейінгі балалар»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның хабарламасына сәйкес, аудандардағы КВИ жағдайы төмендегідей: Алакөл-6, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-13, Ескелді-3, Жамбыл-6, Қарасай-8, Қаратал-8, Панфилов-9, Сарқан-3, Талғар–7, Талдықорған–17, Текелі-6, Қапшағай қаласы-1. Жалпы індет басталғалы Алматы облысында 54 386 адамнан коронавирус зертханалық тексеру бойынша расталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT