Алматы облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында соңғыбір тәулік ішінде стационардан 37 пациент, 58 адам үйден оқшаулаудан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір өңірде індетті жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді.

«Облыста КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9% - дан 0,8% - ға дейін төмендеді. 12 мамырдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 23 452 жағдай тіркелген. Оның ішінде симптомы бары - 14 347.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1097,2.

Соңғы тәулікте індетті жұқтырғандардың 162 жағдайы тіркелді.Өсу қарқыны – 0,7%, оның ішінде 129 симптомдық және 33 симптомсыз жағдай»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, індет басталғалы 162 бала коронавирус жұқтырған. Олардың барлығы 14 жасқа толмағандар.

Жалпы Алматы облысында 19 154 індеттен емделіп шыққан.


Соңғы жаңалықтар