Алматы облысында коронавируспен ауырған 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавируспен ауырған 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі арнайы тыныс алу аппаратының көмегімен демалуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 желтоқсанда облыста 38 адамнан коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның ішінде симптомсыз -6, симптомдармен – 32 жағдай.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 1854 адам бар,оның ішінде 719 адам ауруханада емделуде:

- І деңгейлі инфекциялық стационарда төсек саны – 500 , науқастар саны-103, жүктемелігі-20,6% құрап отыр.

– II деңгейдегі инфекциялық стационардағы барлық төсек – орын саны 1290,науқастар саны – 616, жүктелім-47,8% құрайды.

– Үй жағдайында 62 адам үйде ем қабылдап жатыр.

Үй карантинінде1073 адам бар»,- делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының айлық қоры келесідей. Яғни, 1,6 млн. медициналық маска, 1,7 млн.жұп қолғап,96 мың бір реттік қорғаныш костюм жиынтығы бар.

«Дәрілік заттардың айлық қоры: 103,1 мың ыстық түсіретін дәрі бар. Вирусқа қарсы антибиотик препараттар саны 255 мың.

Амбулаториялық және стационарлық деңгейде жұмыс істеуге 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер (447 терапевт, 38 инфекционист, 143 реаниматолог, 8 нефролог, 8 пульмонолог 12 трансфузиолог, 98 невролог, 97 басқа мамандық дәрігері), 2604 орта және кіші медицина персоналы тартылды.

Коронавирус инфекциясын ерте анықтау мақсатында облыста 14 зертхана жұмыс істейді, жалпы қуаты 9 мың зертханалық зерттеулер жасауға мүмкіндігі бар»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жалпы, Алматы облысында 57 365 адамнан коронавирус тіркелді. Оның ішінде 42877 науқастан аталған індет белгілері анықталып, 56 647 адам емделіп шықты.


Соңғы жаңалықтар