Алматы облысында оқушы мектепте көз жұмды

None
None
ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды. Қайғылы жағдай Текелі қаласындағы №4 мектепте болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2-сынып оқушысы бірінші сабақ біткеннен кейін үзілісте, асығыс шығып баспалдақпен асхана жаққа беттеген. Жағдайдың қалай болғанын ешкім көрмеген. Мұғалімдер шыққан кезде, бала құлап жатқан»,- дейді Текелі қаласындағы №4 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Бексұлтанова.

Директор орынбасарының сөзінше, бала 15 минуттың ішінде көз жұмған. Бірақ денесінде ешқандай жарақат белгілері болмапты.

8 жастағы оқушы нақты баспалдақтан құлады ма, әлде қазасына басқа да себеп болды ма ол жағы белгісіз. Себебі, білім ордасының басшылығы бала кәмпитке шашалып қалуы мүмкін дегенді де айтып отыр. Өйткені оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткенде оның аузынан шоколадтың қалдықтары шығыпты.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте көз жұмған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Аталған факті оқыс оқиға ретінде тіркеліпті.

Соңғы жаңалықтар