12:58, 08 Шілде 2020 | GMT +6
Алматы облысында пневмонияға 2,5 мыңнан астам адам шалдыққан
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын пневмониямен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысында пневмониямен ауырған 2517 науқас тіркелді. Оның 86-ның жағдайы ауыр», - деді өңір әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов тікелей эфирде өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінде жалпы халықтың жеке қорғаныс құралдарына жергілікті және республикалық бюджеттен 730 млн теңге бөлінген.