Алматы облысында соғыс ардагерлеріне арналған 100-ден аса ескерткіш жөнделеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған 237 ескерткіш бар. Биылғы жоспарға сай оның 114-іне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 150 млн теңге бөлінген. Көктемнің алғашқы онкүндігінде барлық аудандарда жөндеу жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Мәселен, Көксу ауданында жөндеуді қажет ететін 5 ескерткіш бар. Соның бірі Зылиха Тамшыбаева ауылында орналасқан. Ол 1982 жылы тұрғызылған. 2014 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соғысқа қатысқандардың есімдері жазылған екі мәрмәр тақта орнатылды. Ал, биылғы жөндеу жұмыстары кезінде ескірген жерлері қайта жаңартылады. Оған 1 млн 600 мың теңге қаражат бөлінген.

Алматы облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау орталығының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жөндеуді қажет ететін ескерткіштердің көбі Алакөл ауданында орналасқан. Айдынды өлке тұрғындары болса, биыл 10 бірдей ескерткішке жөндеу жүргізу ұсынысын білдіріп отыр.

Айта кетейік, Алматы облысына қарасты 750-ге жуық ауыл бар.


Соңғы жаңалықтар