Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың келесі сатысы басталды. Өңірге Спутник В вакцинасы екінші компонентінің 1450 дозасы әкелінді. 26 емдеу мекемесінде 29 егу кабинеті жұмыс істеп жатыр.
Биыл облысқа барлығы 150 мың доза вакцина әкелу көзделген. Шалғай елді мекен тұрғындарын вакцинациялауға арналған 12 жылжымалы бригада жасақталды.
Сондай ақ 500 ге жуық медицина қызметкері арнайы оқытылып, аттестацияланды. Жалпы Алматы облысы бойынша 11 мыңнан астам ақ халаттылар вакцинациялауға жатады.
«Бірнеше өзіміздің әріптестерден қан анализдерін алдық. Титр өте жоғары бүгінгі таңда. Сол себептен біздің халқымызға, тұрғындарымызға айтарымыз, вакцинаны қабылдауымыз керек», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.
- Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, антирекорд орнады
- Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді
- Түркістан облысы әкімінің орынбасары жаппай вациналау барысымен танысты
- Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма
-
Сарапшы «Спутник V» вакцинасының тиімділігіне қатысты түсінік берді
-
Ақтөбе облысында монша мен сұлулық салондары жексенбі күні жұмыс істейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам