Алматы облысында жас отбасыларға үй беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жас отбасыларға үй беріледі. Осы мақсатқа 1 млрд теңге қаржы бөлінді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін бұл мәселе дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қаралды. Бұл комиссияға Алматы облыстық мәслихат депутаттары мүше.

«Бұл бағдарламаға тек Алматы облысының жас отбасылары ғана қатысады. Олар осы өңірде жұмыс істеуі тиіс. Бұл бағдарлама биыл тамыз айында жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз. 1 млрд теңге қаржы бөлінді. 100 отбасын баспанамен қамтысақ деген үмітіміз бар. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) жастар қатыса алады. Отбасын құрған болуы тиіс. Толық емес отбасылар да аталған бағдарламаға қатыса алады»,- деді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаров.

Баспанаға қаражат 5%-бен, 25 жылға дейін беріледі деп жоспарлануда. Әр жас отбасы үйлі болуы үшін 10 млн теңге дейін қаражат беріледі. Ескерте кететін жайт, осы жобаға ниетті жас отбасылардың басында баспанасы болмауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар