+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2021 жылғы 27 қаңтар 05:37
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бір тәулік ішінде полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда жаяу жүргіншілер жолағында әйелді көлік қақты Елордада бес күн ішінде іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды Оралда ауыр қылмыс жасап, қашып жүрген өзбекстандық азамат ұсталды

Қарасай аудандық полициясының кезекші бөліміне Елтай ауылынан 19 сағат 30 минут шамасында анықталмаған көлік құралының жол-көлік оқиғасын жасап, сол жерден бой тасалағаны туралы хабар түсті. Жәбірленуші ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді. Екі күннен кейін жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі, 347-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір тәулік ішінде Қарасай ауданының 31 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Оның үйінің ауласынан тәртіп сақшылары «Ниссан Ларго» автокөлігін тапты. Барлық дәлелдермен әшкереленген күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT